Үндістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық Мадхья-Прадеш штатында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлады РИА Новости NDTV телеарнасына сілтеме жасап. Бес вагон өзенге құлаған.
None
None

Пойыз Мумбаидан Варанасиге бағыт алғаны аталып өтілді. Жапа шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ. Әр вагонда 72 орын бар екені ғана белгілі.

Құтқарушылар атап өткендей, вагондар құлаған өзенде нөсер маусымына байланысты су деңгейі көтерілген.

Соңғы жаңалықтар