Үндістанда жүк көлігі мен авторикшалар соқтығысып, 16 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстік штаты Уттар-Прадеште жүк көлігі мен авторикшалар соқтығысып, 16 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Times of India газетіне сілтеме жасап.

Үндістанда жүк көлігі мен авторикшалар соқтығысып, 16 адам қаза тапты

Басылымның мәліметінше, оқиға Шахджаханпур округіне жақын маңдағы жолда болған. Жүк көлігі жылдамдығын асырып, жолаушылар мінген екі авторикшаға соғылған.

Жол апатынан кем дегенде бес адам зардап шекті. Олар ауыр жарақат алған.

Уттар-Прадештің бас министрі Йоги Адитьянатх зардап шеккендерді ауруханаға жіберіп, марқұмдардың отбасыларына өтемақы төлеуді тапсырды.