Үндістанда жүк көлігі шатқалға құлап кетті, 17 адам көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістаның солтүстік-шығсындағы Вест Каменг округінде жүк көлігі шатқалға құлап кетті, салдарынан 17 адам көз жұмды. Аруначал-Прадеш штатының полициясының хабарлауынша, тағы 12 адам ауыр жарақаттар алған, деп жазады РИА Новости.
Көлік Бетчеллинг қыстағының маңында апатқа ұшырған. Шатқал қоршауға алынбағандықтан жүк көлігі сырғанап құлап кеткен. құтқару жұмыстарын жергілікті тұрғындар бастап кетті, кейін оларға полиция мен медицина қызметкерлері қосылды.
Фото: © AP Photo/ Rafiq Maqbool