09:23, 19 Тамыз 2010 | GMT +5
Үндістанда жүк көлігі жыраға құлап кетіп, кемінде 30 адам қаза тапты
АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында адамға лық толы жүк көлігі жыраға құлап кетіп, кемінде 30 адам қаза болды, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Полицияның мәліметі бойынша, көз жұмғандардың көбі туған күннен келе жатқан әйелдер мен балалар.
Жүк көлігінде барлығы 70 адам болған.