Үндістандағы АҚШ елшісі болып алғаш рет үнді текті адам тағайындалуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама Құрама штаттардың Үндістандағы елшісінің орнына Ричард Верманың кандидатурасын ұсынды. Егер оны мақұлдаса, Верма осы қызметтегі үнді тегінен шыққан бірінші америкалық болады. Президент бұл туралы қыркүйек айының соңында Вашингтонға Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің іс-сапарының қарсаңында мәлімдеген болатын, деп жазады шетелдік БАҚ.
Үндістандағы осы кезге дейінгі елші Нэнси Пауэл наурыз айында Нью-Йорктегі үндістандық елшінің жанжалынан кейін отставкаға кету туралы арыз жазды.
Ричард Верма - заңгер, сонымен бірге, Сенатта қауіпсіздік бойынша кеңесші болды.