Үндістандағы алапат тасқын: 60-қа жуық адам қаза тапты

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанның солтүстік шығысындағы Ассам штатында күшті муссондық нөсер салдарынан өткен аптада кем дегенде 59 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

Үндістандағы алапат тасқын: 60-қа жуық адам қаза тапты

Телеарнаның хабарлауынша, табиғи апат штаттағы 27 округтің 20-на белгілі бір дәрежеде әсер еткен.

Брахмапутра өзені мен ағыстардың су деңгейі жоғары көтеріліп, апат аумағында 1,3 млн-нан астам адам қалып қойған, 1 636 ауыл мен кентті су басты.

Штат үкіметі табиғи апаттан зардап шеккен босқындарды150-ден астам лагерьге уақытша орналастырды. Зардап шеккен аудандардың тұрғындарына билік күріш, жарма, алғашқы қажетті тауарларды таратуда.