Үндістандағы «Дипломатия базарында» Қазақстан мәдениеті көрсетілді
БЕЙЖІҢ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі «Дипломатия базары» қайырымдылық шарасына қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.
Шараға қазақстандық дипломаттар қазақтың ұлттық тағамдарын, киімдерін, сондай-ақ қонақ күту дәстүрлерін көрсетті.
«Дипломатия базарын» Делидегі Әйелдер достастығы қауымдастығы ұйымдастырды. Шара аясында лотерея ойыны өткізіліп, оның ұтысына «Air Astana» авиакомпаниясының рейстерімен «Дели-Астана-Дели» бағытымен ұшу билеттері қойылды. Дели жұртшылығы Қазақстанға саяхаттау мүмкіндігін жіберіп алмау мақсатында лотереяларды бірден сатып алды.
Шараға Үндістан астанасының мыңдаған тұрғындары мен қонақтары келді.
