Үндістандағы ескі түрме туристерге арналған музейге айналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігінде Сангаредди қаласында туристерге бұрынғы түрме ғимаратында тұру мүмкіндігі ұсынылып отыр. Қызмет ақылы. Демалыстың мұндай түрін жергілікті тұрғындар Телангана-туризм (түрме орналасқан штат атауы бойынша) деп атады. Бұл туралы eTurboNews порталына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Турист 7,5 доллар төлеп, 200-ден астам жыл бұрын салынған түрме ғимаратының бір камерасында түней алады. Саяхатшыға түрме киімін де ұсынады. Өзімен бірге керек жарақтарды ғана - төсек-орын және ас үй жабдықтары мен сабын алуға болады.
Лента.ру жазғанындай, штаттың пенитенциарлық жүйесінің басшылығы осындай қызмет өңірдегі туризмді дамытып қанай қоймай, демалып жатқандарға түрмедегі өмір қаншалықты қиын екенін де көрсетеді деп отыр.
Ғимарат 1796 жылы салынған және бастапқыда казарма болған. Кейін оны түрмеге айналдырды. Түзету мекемесі 2012 жылы жабылды. Енді мұнда Үндістанның түрме және криминалдық өміріне арналған музей орналасқан.