Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Үндістандағы фестиваль 230 шахматшыны жинады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін Үндістандағы Нью-Делиде  халықаралық «Дели 2018» шахмат фестивалі басталады. Бұл турнирге 26 елден 233  ойыншы қатысуға өтініш білдірген.

Үндістандағы фестиваль 230 шахматшыны жинады

АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, аталмыш бәсеке рейтингінің фавориті Азербайжан өкілі Аркадий Найдич (2701).

Халықаралық опен турнир Үндістанда швейцариялық жүйе бойынша 10 турға жалғасады. Ал 29 гроссмейстердің қатысуымен өтетін жарыс жеңімпазы 16 қаңтарда белгілі болады.