Үндістандағы кеме апаты: төрт әйел қаза тауып, үшеуі құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында кеме аударылып төрт әйел суға батып кетті, ал ағып бара жатқан үшеуі құтқарылды. 

Үндістандағы кеме апаты: төрт әйел қаза тауып, үшеуі құтқарылды

Бұл туралы бейсенбі күні Синьхуа агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады. 

Кеме Горакхпур ауданы Багпаттағы Рохини өзенінде Уттар-Прадеш Лакхнау штатының әкімшілік орталығынан шығысқа қарай 285 шақырым қашықтықта апатқа ұшыраған.

«Кеше мұнда бірнеше әйел мінген кеме аударылып, соның салдарынан төрт әйел қаза болды, тағы үшеуін жергілікті тұрғындар құтқарып қалды», - деді полиция офицері.

Полицияның айтуынша, әйелдер өзеннің арғы бетінде ағаш жинаған.