Үндістандағы көшкін 58 адамның өмірін қиды

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатында көшкіннен қаза тапқандар саны тамыздың басынан бері 58 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Hindu газетіне сілтеме жасап.
None
None

Басылымның хабарлауынша, өткен тәулікте муссон жаңбырының салдарынан болған көшкін осы апаттан ең көп зардап шеккен Муннар ауданында тағы да қайталанған. Кем дегенде 2 адам мерт болып, 12 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен, 100-ге жуық адам баспанасыз қалды.

Негізінен көшкін құрбаны болғандар – шай өсіру плантацияларының жұмысшылары. Өңірде құтқару және іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, оның жүргізілуіне нөсер жаңбыр мен қатты тұман кедергі келтіруде.

Керала үкіметінің бас министрі Пинарайи Виджаян мәлім еткендей, билік зардап шеккендерге қаржылық қолдау көрсетіп, көшкін салдарынан қираған елді мекендердің тұрғындарына уақытша лагерьлер ашқан.


Соңғы жаңалықтар