Үндістандағы су тасқыны: 17 адам қаза тауып, 1,4 млн-нан астамы зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістандағы Одиша штатында су тасқыны салдарынан 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

Үндістандағы су тасқыны: 17 адам қаза тауып, 1,4 млн-нан астамы зардап шекті

Үкіметтің деректеріне қарағанда, су тасқынынан ауылдық жерлерде тұратын 1,4 миллионнан астам адам зардап шеккен.

10 мыңнан астам үй бүлінген. Сондай-ақ нөсер жаңбыр салдарынан жергілікті су қоймалары лықа толған. Хиракуд су қоймасының шлюзін ашып, суды босатуға тура келді. Бұл тағы бірнеше елді мекеннің су астына қалуына соқтырды.

500-ден астам адам эвакуацияланып, арнайы ұйымдастырылған уақытша орналасу лагеріне жеткізілді.

Зардап шеккендер тамақпен және бірінші кезектегі заттармен қамтамасыз етілуде.