Үндістандағы сұрапыл дауыл 30 адамның өмірін қиып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігінде болған алапат «Гая» дауылынан кемінде 30 адам мерт болды, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Үндістандағы сұрапыл дауыл 30 адамның өмірін қиып кетті

82 мыңға жуық адам апат аумағынан эвакуацияланды. Үндістанның әскери-теңіз флоты құтқару жұмыстарына екі корабль мен тікұшақ бөлді. Жергілікті билік зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді.

Сұрапыл дауылдың жылдамдығы сағатына 90 шақырымға жеткен.

Құтқарушылар жұмада - 13, ал сенбіде 20 адамның мәйітін тапты.  Олардың басым бөлігі су тасқыны салдарынан, үйлерінің қирауынан және электр тоғының соғуынан қаза тапқан.