Үндістандағы тәртіпсіздіктер кезінде 8 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Харьяна штатында болған тәртіпсіздіктер салдарынан соңғы 2 күн ішінде 8 адам мерт болған. Тағы 100-ден астамы жараланды, деп жазады 24.kz.
None
None

Мұнда соңғы уақытта ереуілдер толастамай тұр. Наразы жұрт мемлекеттік мекемелер мен жоғары оқу орындарында «джат» этникалық тобына бөлінетін квоталарды арттыруды талап етуде. Ереуілшілер жолдарды жауып тастап, полиция көлігіне от қойған.

Ашынған халық Мунак арнасындағы құрылғыларды да сындырып кетіпті. Салдарынан көршілес Дели қаласы тұрғындарының ауызсусыз қалатын түрі бар. Аймақтағы 8 бірдей өңірде комменданттық сағат жарияланды. Қазір Харьяна штатына полиция мен әскердің қосымша күштері тартылып жатыр.

Фото: polit.ru

Соңғы жаңалықтар