Үндістандағы тасқын: 10 млн адам зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанға муссон нөсері алапат зардабын тигізіп отыр. Ассам және Бихар штаттарында толассыз жауған жауыннан кейін болған су тасқыны 166 адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлайды NDTV телеарнасы.

Үндістандағы тасқын: 10 млн адам зардап шекті

Зардап шеккендер саны 10 миллионнан асып кетті.

Дүйсенбі таңындағы дерек бойынша, Бихарда 102 адам, Ассам штатында 64 адам мерт болған. Бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде.

Айта кетсек, су тасқыны шілденің басында басталған еді.

Қазіргі уақытта Бихарда 7,2 млн адам, Ассамда 3,8 млн адам су тасыған аумақта оқшауланып қалған.