Үндістандағы тасқын салдарынан миллиондай адам үйлерінен кетті

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Үндістанның Ассам штатындағы тасқын салдарынан миллионға жуық адам үйлерінен кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Үндістандағы тасқын салдарынан миллиондай адам үйлерінен кетті

Нөсер жауыннан болған тасқыннан кем дегенде 27 адам құрбан болды. Штаттағы 27 ауданның 21-ін тасқын суы басып кетті.

Үндістанның солтүстік-шығысындағы нөсер жауын екі апта бойы құйып тұр. Елдің ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, мұндай тасқын 1998 жылдан бері болмаған.