Үндістандағы тасқыннан қаза тапқандар саны 96 адамнан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда алапат тасқын салдарынан көз жұмғандар саны 96 адамнан асты. Бұл туралы осы елдің билігі ресми мәлімдеді, деп хабарлады www.24.kz.
Өткен аптадан бері толассыз жауған нөсер соңы ірі тасқынға ұласқан. Табиғи апат салдарынан үйлерінен айырылған миллионнан астам тұрғын уақытша тұрақтау орындарына жайғастырылды. Екпінді су тасжолдарды шайып, электр желілерін зақымдаған. Бұдан басқа Каизранга ұлттық саябағында тіршілік ететін 17 мүйізтұмсық опат болды. Олар әлемде өте сирек кездесетін жануарлар қатарына жатады. Синоптиктер қолайсыз ауа райы әлі бірнеше күн сақталатынын ескертуде.