13:32, 14 Ақпан 2009 | GMT +5
Үндістандағы теміржол апаты: 10 адам қаза тапты, 100-ден астам адам жарақаттанды
МӘСКЕУ. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат – Кеше Үндістанның шығысында жолаушылар пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті.
Алдын-ала деректер бойынша 10 адам қаза тапты, 100-ден астам адам жарақаттанды. Көптеген адамдар ауыр халде жатыр және мерт болғандардың саны артуы да мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00 шамасында Орисса штатында Бхубанешвар қаласының солтүстігінде 120 шақырым жерде орын алған. Үш вагонның қатты бүлінгені соншалық қайта қалпына келтіруге жатпайды.