08:47, 26 Сәуір 2021 | GMT +5
Үндістандағы жағдай: Бір тәулікте 346 мың адамнан коронавирус анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанда коронавирус оқиғасының күрт көбеюде, деп хабарлайды ҚазАқапарт BBC-ге сілтеме жасап.
Үндістанның денсаулық сақтау қызметі коронавирустың екінші толқынымен барынша күресуде.
Жұмадан сенбіге қараған түні 346 786 оқиға тіркелді.
Үндістан билігі азық-түлік қорын адамдар ем алып жатқан жерлерге жеткізу үшін пойыздар мен әскери-әуе күштерін пайдалануда.
Еске салсақ, бүған дейін Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны жағынан антирекорд орнаған еді.