Үндістандық миллионер өз күзетшісін өлтіргені үшін өмір бойына сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда сот миллионер Мохаммед Нишаманы өз күзетшісін өлтіргені үшін өмір бойына соттады, деп хабарлады, деп хабарлады Би-би-си.

Үндістандық миллионер өз күзетшісін өлтіргені үшін өмір бойына сотталды

Тергеу хабарлағандай, 38 жастағы Нишам көлігіне қоршаудың есігін ашып жатқанда сескеніп қалған өзінің 50 жастағы күзетшісіне ашуланып, оны көлігімен соғып, кейін темір шыбықпен ұрып соққан.

Екі аптадан кейін күзетші алынған жарақаттар салдарынан ауруханада қаза тапты.