Үндістандық шаруа өзінің жүк машинасы үшін тауда тоннель қазды

АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат - Бихар штаты тұрғындарының бірі өзінің жүк машинасы үшін тауда тоннель қазды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Үндістанның Бихар штатындағы елді мекендердің бірінің тұрғыны тауда тоннель қазу үшін 14 жыл уақытын жұмсаған.

53 жасар Рамчандр Дастың айтуынша, ол жұмысқа өзінің жүк таситын машинасының ұрлану мүмкінідігінен қорқып, осы жұмысты қолға алған. Машина шаруа адамына қажет-ақ, бірақ ол үйінің жанында тау болғандықтан көлікті қоя алмаған, сондықтан тоннель қазуға мәжбүр болған. Енді оның қазған тоннелінің рахатын көршілері де көріп, маңайдағы ауылдарға тікелей қатынайтын болды.

Соңғы жаңалықтар