Үндістандықтар Фейсбук және Твиттерде пікір қалдыруға қорықпайтын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Жоғарғы соты әлеуметтік желілерде және сайттарда пікір қалдырғаны үшін қамауға алу туралы заңның күшін жойды, деп хабарлады Росбалт.
Сот бұл заңды Конституцияға қайшы, әрі сөз бостандығына шектеу келтіреді деп санаған.
Заң күшінде тұрған кезінде полиция Фейсбук және Твиттерде орынсыз пікір жазған бірнеше адамды қамауға алған болатын.