Үндістандықтар ұзындығы 182 метр болатын торт пісірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігіндегі Кербала штатының нан пісірушілері рекорд жасады. Олар осы елдегі ең үлкен тортты пісірген. Тәтті тағамның ұзындығы 182 метрге жетеді, әрі аспаздар ұлт тұлғалары мен мәдениетін және тарихын дәріптеудің тың тәсілін тапқан, деп жазады khabar.kz.
26 шеберден құралған топ алып тортты дайындауға 20 сағаттан астам уақытын жұмсапты. Алып тағамның ұзын болғаны сонша, оған арнайы шатыр тігілген.
- Біз тортты пісірген кезде тарих, саясат пен мәдениетті кеңінен қамтуға болатынын көрсеткіміз келді. Сөйтіп, әр түрлі суреттерді арнайы жинақтадым. Бұл тортқа 720 фото жапсырылған. Ал салмағы - 3120 келі, дейді наубайханашы М.П.Рамеш.
Үнділік аспаздар осы шараның арқасында тапқырлықтарын ғана емес, тарихи зердеге ұқыптылығын да паш ете білді. Бұл елде ең алғашқы торт осыдан 131 жыл бұрын, яғни 1883 жылы пісірілген.