Үндістанға сұрапыл дауыл таяп қалды: 800 мың адам эвакуацияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның шығысында орналасқан Орисса штатының билігі жақындап келе жатқан «Фина» циклонына байланысты жағалау маңында тұратын 800 мың адамның эвакуацияланатындығын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Times of India газетіне сілтеме жасап.

Эвакуация бейсенбі кешке қарай аяқталуы тиіс, деп атап өтті басылым. Адамдарды арнайы жабдықталған орталықтарға, білім беру мекемелері мен басқа да ғимараттарға орналастырып жатыр.

«Фани» штат жағалауына жұма күні күндіз жетеді деп жоспарланып отыр. Дауылдың жылдамдығы сағатына 200 шақырымға жетуі мүмкін. Жағалау маңындағы аудандарда қатты жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлады газет Үндістанның Метеорологиялық департаментіне (IMD) сілтеме жасап.

Соңғы жаңалықтар