Үндістанның Бихар штатының тұрғындары бір күнде 10 миллион түп ағаш отырғызды
деп жазды бейсенбі күні Mail Today басылымы. Пәкістандық әскерилер бір тәулікте «небәрі» 540 мың ағаш отырғызған болатын.
Бихарда өткен осынау ауқымды экологиялық шараға Непалмен шекаралас үнділік Музаффарпу қаласының шенеунігі С.М.Раджу бастамашы болды. Бір қарағанда тым қиын көрінген бұл шараны орындауға шенеунік деревня старосталарын тартқан. Жұмыс село тұрғындарын кепілдікті жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасының есебінен қаржыландырылса, ал көшеттер жергілікті билік органдарының есебінен сатып алынған.
Шенеуніктің айтуынша, жергілікті өкімет 2009 жылдың қазан айында және 2010 жылдың ақпан айында тағы осындай екі үлкен акция ұйымдастырады. «Нәтижесінде, штаттағы орманды алқаптың көлемі тағы 9,87 пайызға артады», -дейді Раджу.