Үндістанның дәулетті кәсіпкерінің бірі монастырьға кетті

Доши - пластика өндірісімен айналысатын DR International компаниясының қожайыны. Магнат өзінің қаражатының едәуір бөлігін джайнистік ұйымдарға қайырымдылыққа беруге шешім қабылдады. 31 мамырда оны монах қатарына қабылдау рәсімі өтті. Оған 150 мыңнан астам адам қатысты.
Рәсім пілдер, жылқылар, түйелер, музыканттар, бишілер мен монахтар қатысқан шерумен басталды. Джайнистер өздерінің ғұрыптық салтын орындады, оның барысында Доши шашын тақырлап алдырып тастады.
Кәсіпкер өзінің барлық жылжымайтын мүлігінен бас тартуы тиіс. Ол ұялы телефондарды да пайдаланбайтын болады және тек қана ақ киім киіп жүреді. Доши күн сайын таңғы сағат төртте тұрып, бірнеше сағат йогамен және медитациямен айналысады. Сонымен бірге ол тірі мақұлықтарға, соның ішінде жәндіктерге де залал келтірмеуі үшін әрқашан да жалаңаяқ жүретін болады.
Дошидің отбасы оның бар өмірін монастырьға арнауына қарсы болды. Кәсіпкердің ұлы әкесінің бұл жолға түсуге үш жыл бойы әзірленгенін айтты. Джайнизм бүкіл тірі жәндікке зиян тигізбеуге үндейді. Дін аскетизмге үлкен маңыз береді. Джайнистер орденінің мүшелері некеден бас тартады.
Бұдан бұрын 29 мамырда диаспора жөніндегі грузин министрі Гела Думбадзе бір аптаға монастырьға кететінін жариялады. «Мен премьер-министрден демалыс беруін сұрадым, сол күндерді монастырьда өткізгім келеді», - деді шенеунік. Бірақ та, ол министрлік қызметінін бас тартпайтынын нақтылады, деп жазады РБК.