Үндістанның ірі курорттық штатында алкоголь сатылымын шектеді

Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Жаңа ережелерге сәйкес, спирттік ішімдікті сатуға лицензияны тек бес жұлдызды қонақ үйлердің барлары ала алады. Алкогольді ішімдіктерді дүкендерден де сатып алуға болмайды. Үндістанда алкогольді пайдаланудың 14,9% Кералаға тиесілі. Биліктің санауынша, штаттың 34,8 млн тұрғыны спирттік ішімдікке күн сайын 300 млн рупий ($5 млн) жұмсайды екен. Қазір Гуджарат және Нагаленд штаттарында, сонымен қатар Манипурдың кей аудандарында спирттік ішімдік саудасына тыйым салынды. Бұл саладағы қатал заң Гуджаратта күшке ие. Тиісті акт бұл жерде 1960 жылы қабылданды және ол алкогольді ішімдіктердің өндірісі мен оны сатуға ғана емес, сонымен бірге оны сақтауға және пайдалануға қатысты.
Сонымен қатар, 2016 жылдың жазына дейін Бихар штатында алкогольді сатуға жарым-жартылай тыйым салу көзделген. Үндістан тұрғыны жылына орташа алғанда 4,3 литр алкогольді ішімдікті пайдаланады. Ауылдарда бұл көрсеткіш жоғары - жылына 11,4 литр. ДДСҰ ақпаратынша, Үндістан тұрғынының үштен бір бөлігі үнемі ішімдікті пайдаланады. Керала шетелдік туристер арасындағы Үндістанның ең танымал курорттық штаты. Жыл сайын мұнда шамамен 11 млн үндістандық пен 1 млн шетелдік келеді.