Үндістанның оңтүстігінде пиротехникалық қоймада өрт салдарынан 30 адам қаза тапты
АСТАНА. Қазанның 17-сі. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігінде пиротехникалық қоймада болған өрттің салдарынан ең кем дегенде 30 адам қаза болып, тағы 10 адам түрлі деңгейдегі күйік жарақатын алған,
деп хабарлайды Associated Press агенттігі үнділік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Қаза болғандардың көпшілігі үндістердің от мерекесі - Дипавали немесе Дивалиға орай отшашулар сатып алу үшін Паллипат қаласындағы (Тамилнад штаты) қоймаға келген жергілікті тұрғындар болып шыққан. Санскриттен «көп оттар» деп аударылатын бұл мереке биыл қазанның 17-сіне келіп отыр.