Үндістанның оңтүстігінде жолаушылар пойызында екі жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда жолаушылар пойызында екі рет жарылыс болды. Салдарынан бір адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті, деп хабарлады IBN телеарнасы.
Пойыз Бангалордан (Карнатака штаты) Гувахатиге (Ассам штаты) бара жатқан. Жарылыс Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатының әкімшілік орталығы - Ченнаи қаласындағы вокзалға келген бетте орын алды.
Полицияның ақпаратына сүйенсек, екі жарылыстың да қуаты төмен болған. Құқық қорғау органдары пойызда бой тасалаған күдіктінің бірін ұстап үлгерді.