Үндістанның оңтүстігіндегі храмдардың бірінен мол қазына табылды
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Үндістанның оңтүстігіндегі ежелгі храмдардың бірінде баға жетпес мол қазына табылды,
деп жазады Hindu басылымы.
Траванкор княздығының махараджаларына мінәжат етілген және 19 ғасырда жауып тасталған Падманабхасвами храмынан 100 килә алтын және күміс шақалар, гауһар тастар мен інжу-маржандар табылған.
Мамандардың пайымдауынша, бұл қазына - мінәжат етушілердің Вишна құдайға ғасырлар бойы тарту еткен садақалары болса керек.