Үндістанның шығысында ток соғу салдарынан 11 ереуілші қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - БАҚ өкілдері хабарлағандай, Үндістанда қайғылы оқиға орын алды. Ток соғу салдарынан наразылық білдіруге шыққан 11 адам мерт болды.

Үндістанның шығысында ток соғу салдарынан 11 ереуілші қаза тапты

Үндістанның шығысында орналасқан Ассам штатында полицей учаскесінің маңына ереуілшілер жиналған.

Бір сәтте наразылық шарасына қатысушылардың үстіне электр сымы құлады. Салдарынан 11 адам ажал құшты, тағы 20 наразылық білдіруші жарақаттанды.  

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.