Үндістанның шығысында төрт адам тоқ ұрып, мерт болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның шығысындағы Батыс Бенгалия штатында жұма күні төрт адамды тоқ ұрып, қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Hindustan Times газетіне сілтеме жасап.
None
None

Басылымның мәліметі бойынша, оқыс оқиға Калькутте штатының астанасы мен оның жанындағы Ховра қаласында болды. Нөсер жауын соңы тасқынға ұласты. Ол қаладағы электр тоғын беретін бағандарды құлатқан, электр желілеріндегі апат соңы қайғылы жағдайға соқтырды.

Батыс Бенгалияның оңтүстігінде Муриганга және Калинди өзендері арнасынан асты. Бірнеше ауылды су басып, билік өкілдері жүздеген тұрғынды қауіпсіз аудандарға көшірді.


Соңғы жаңалықтар