Үндістанның ШЫҰ-ға кіру үдерісі басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Үндістанның толыққанды ұйым құрамына ену үдерісін бастайды, деді Ресей президенті Владимир Путин Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесуінде. Бұл туралы «Утро.ру» хабарлады.

Үндістанның ШЫҰ-ға кіру үдерісі басталады

«Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістанның ену үдерісін бастаймыз», - деді В. Путин.

РФ Президенті Ресейдің БРИКС-те төрағалық етуіне қолдау білдіргені үшін Модиге алғыс айтты.

Президент саммит барысында БРИКС елдері серіктестігінің көпмерзімдік стратегиясын қабылдап, Даму Банкінің жұмысын бастау керектігін айтты.

Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан - ШЫҰ мүше елдер. Ал бақылаушы статусына Моңғолия, Үндістан, Иран, Пәкістан мен Ауғанстан ие. 2014 жылдың қыркүйегінде Пәкістан мен Үндістан ШЫҰ-ға кіру жөніндегі ресми түрде өтініш білдірген.