Үндістанның солтүстігінде 2000 гектар орман отқа оранды, қаза тапқандар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Уттаркханд штатында ормандарда болған өрт кезінде алты адам көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости Times of India газетіне сілтеме жасап.

Үндістанның солтүстігінде 2000 гектар орман отқа оранды, қаза тапқандар бар

Жалын шамамен 2000 гектар орманды шарпыды.

«Қазір шамамен отқа қатысты шамамен 922 оқиға тіркелді. Салдарынан алты адам қаза тапты, соның ішінде үш әйел және бір бала бар. Жетеуі жапа шекті. 1890,79 гектар жасыл желек зақымдалды», - деді жергілікті орман қорғау билігінің өкілдері.

Чамоли, Паури, Рудрапраяг, Техри, Уттаркаши, Питхорагарх, Алмора және Найнитал аудандары көп зардап шекті. Тілсіз жауды ауыздықтауға апат салдарын жою ведомствосының 6 мыңға жуық қызметкері тартылды.

Жексенбі отты сөндіруге әскер жұмылдырылды. Үндістан ӘӘК екі Ми-17 тікұшағы тартылды. Олар Бхимтал көлінен су жеткізуде.