Үндістанның солтүстігінде автобус өзенге құлап кетті
АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Үндістанның солтүстік Джамму және Кашмир штатында Чинаб өзеніне құлаған автобустың салдарынан кем дегенде 20 адам көз жұмды. Екі адамды құтқарып үлгерген.
Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.
Құқық қорғау органдарының мәліметіне қарағанда, оқиға Дода округінің таулы жол аймағында орын алған. Жолаушылар автобусы 91 метрден астам биіктіктен құлап кеткен.