Үндістанның солтүстігінде тау жынысының ығысуынан және нөсер жаңбырдың салдарынан 40-тан астам адам қазаға ұшырады

НЬЮ-ДЕЛИ. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде тау жынысының ығысуынан және нөсер жаңбырдың салдарынан болған су тасқынынан кемінде 43 адам құрбан болды,

Үндістанның солтүстігінде тау жынысының ығысуынан және нөсер жаңбырдың салдарынан 40-тан астам адам қазаға ұшырады

деп хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.

Джарканд штатының жергілікті полиция өкілдері бүгін өткен демалыс күндері табиғаттың тосын мінезінің салдарынан үш елді мекен зардап шеккенін хабарлады. Қырықтан астам адам ығысқан тау жынысының және тастардың астына тірілей  көмілген. 50 тұрғын хабар-ошарсыз кетті.

Қайғылы оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізілуде, бірақ та ауа райы мен таулы рельеф айтарлықтай кедергі келтіруде. Үйінді астынан 28 адамның мәйіті шығарылды.