Үндістанның солтүстігінде жер сілкінді

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде магнитудасы 5,1 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды utro.ru.

Үндістанның солтүстігінде жер сілкінді

АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, оның эпицентрі Дера Дун қаласынан солтүстікке қарай 78 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 25,5 шақырым тереңдікте болды. Қаза тапқандар мен қиратулар туралы мәліметтер келіп түскен жоқ.