Үндістанның солтүстігінде жол апатынан тоғыз адам қаза тапты
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні таңертең Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында жол талғамайтын көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан кемінде тоғыз адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Times of India газетіне сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, оқиға Агра қаласында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша жол талғамайтын көліктің жүргізушісі оны басқара алмай, қарсы жолға шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол апатынан қаза тапқандардың барлығы оқиға орнында көз жұмды, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Ресми деректер бойынша, күн сайын Үндістан жолдарында жол-көлік апатынан 415 адам мерт болады.