Үндістанның солтүстігіндегі жол апатында 20 адам қаза болды

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігінде болған жол-көлік апатының салдарынан автобустың 20 жолаушысы қазаға ұшырады, тағы 26 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде,
None
None

деп хабарлайды РБК агенттігі  Associated Press-ке сілтеме жасап.  

Жергілікті өкімет орындары өкілдерінің айтуынша, автобус Джамма қаласынан шығысқа қарай 150 шақырым жерде Ассар қаласының маңындағы таулы аймақта жолдан шығып кеткен. Ауруханаға жеткізілген 23 адамның жағдайы ауыр.

Бұдан бұрын маусым айының соңында Үндістанның солтүстігіндегі таулы аудандардың бірінде автобус жарқабақтан құлап, 25 адам мерт болған, 40 адам жарақаттанған еді.

Соңғы жаңалықтар