Үндістанның солтүстік-шығысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жолаушылар пойызы Үндістанның солтүстік-шығысында Чапра қаласының маңында рельстен шығып кетті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Press Trust of India ақпараттық агенттігі хабарлағандай, апаттың салдарынан 4 адам қаза болды, 8-і жарақаттанды. Пойыз Үндістанның астанасы Нью-Делиден Дибругарх қаласына бара жатқан.
Полиция бұл жағдайдың орын алуына маоист-содырлар себепкер болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Олар темір жолдың бойында жарылғыш затты іске қосуы мүмкін.