Үндістанның үкімет басшысы Weibo әлеуметтік желісіне тіркеліп, Қытайға сәлем айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайға алғаш рет жұмыс сапарымен баруға дайындалып жатқан Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди сапарына 1 апта қалғанда Қытайдағы атақты «Weibo» әлеуметтік желісіне тіркелді, деп жазады «ВВС» агенттігі.

Үндістанның үкімет басшысы Weibo әлеуметтік желісіне тіркеліп, Қытайға сәлем айтты

«Сәлем, Қытай! Weibo арқылы қытайлық достармен араласар сәтті тағатсыз күтемін», - деп жазды ол. Сол жазбаны қалдырысымен алғашқы сағатта-ақ 7 мыңнан астам адам жауап жазған. Оның көпшілігі беделді қонақтың жазбасына оң қабақ танытқан.

Нарендра Моди - әлемі көшбасшыларының ішінде әлеуметтік желілерді ең белсенді пайдаланатындардың бірі.