Үндістің көзінен 12 сантиметрлік құрт алынды

Дәрігерлер оның көзінің ауырғанын басу үшін дәрі-дәрмек берген. Дәрінің еш әсері болмағандықтан, дәрігерлер талдау жасап, оның көзінде 12,5 сантиметрлік құрт бар екендігін байқаған, - деп хабарлады Би-Би-Си Орыс қызметі.
Ситараман есімді дәрігердің басшылығымен бір топ дәрігерлер құртты алып шығу үшін оның көзіне ота жасаған. Операция 15 минутқа созылған.
Дәрігердің сөзіне қарағанда, ол емделушінің көзінен ұзын құртты алып шыққанда қатты таңғалған.
«Қызметімнің 30 жыл ішінде басымнан өткен жайлар за емес, әрине. Бірақ мұндай жағдайды бірінші рет көріп тұрмын!», - деді Ситараман.
Дәрігердің сөзіне қарағанда, аман қалған емделушінің қайта жолы болған. Егерде құртты уақытында алып шықпағанда, ол көзден миге шауып, неврологиялық ауыртпалықтарға әкелетін еді, деп атап өтті ол.
«Қазіргі уақытта емделушінің жағдайы қалыпты, өзін жақсы сезінеді», - деді дәрігер.