Үндістанда алтын қорының үлесі күрт артты

АСТАНА. KAZINFORM — Үндістан геосаяси тәуекелдердің жоғарылауына байланысты өзінің алтын қорын шетелдегі сақтау қоймаларынан қайтару процесін жеделдетті. Бұл туралы Report агенттігі жазды.

Үндістан елдегі алтын қорының үлесін күрт арттырды
Фото: Report

Ақпаратқа сәйкес, 2023 жылы Үндістан елдегі алтын қорының шамамен 38 пайызына ие болды. 2026 жылдың наурызында бұл көрсеткіш шамамен 77%-ға дейін өсті.

Үнді экономистерінің пікірінше, бұл саясат бірнеше факторға байланысты. Олардың қатарында шетелдік активтерге тыйым салу қаупі, сондай-ақ Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуі де бар. Осының аясында Үндістан билігі экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға және сыртқы сақтау орындарына тәуелділікті азайтуға ұмтылып отыр.

Оның үстіне Үндістанның өзінде алтынға деген қызығушылық артып келеді. Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметі бойынша елде алтын тұтыну көрсеткіші қаңтардан наурызға дейін 10,2 пайызға өсіп, 151 метрикалық тонна болды.

Инвестициялық сұраныс та айтарлықтай өсті, үнді компанияларының алтынға салған инвестициясы бір жылда 52% өсіп, 82 тоннаға жетті.

Сарапшылар үнді инвесторларының алтынға деген қызығушылығы одан әрі жалғасады деп болжап отыр. 

Осыған дейін Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди азаматтарды шығынды азайтып, күнделікті әдеттерін өзгертуге шақырғаны туралы жазған болатынбыз.

Еске салайық, Еуропаның орталық банктері алтын қорын АҚШ-тан әкетіп жатыр.