Үндістан Франциямен 26 жойғыш ұшақ сатып алу туралы келісті
АСТАНА. KAZINFORM – Дүйсенбі күні Үндістан өз флоты үшін Франциядан 630 млрд рупийге (($7,4 миллиард) 26 жойғыш ұшақты сатып алу туралы келісім жасады, деп хабарлайды Reuters.

Бұл туралы Үндістанның Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде айтылған.
Үндістан франциялық Dassault Aviation компаниясы шығарған 22 бір орындық және 4 екі орындық жойғыш ұшақ алады.
- Ұшақтары жеткізу 2030 жылы аяқталады, ал экипаж мүшелері Франция мен Үндістанда үйренеді, - деп мәлімдеді министрлік өкілдері.
Сондай-ақ олар аталған мәміленің мыңдаған жұмыс орындарын құрып, көптеген кәсіпорынның кіріс табуына ықпал ететінін айтып отыр.
Қазіргі таңда Үндістанның әскери әуе күштері 36 Rafale ұшақтарын пайдаланады, ал теңіз әскери күштерінде негізінен ресейлік МиГ-29 ұшақтары қызмет етеді.
Осыған дейін пәкістандық әскерилер Үндістанмен шекарада оқ жаудырғаны туралы жаздық.