Үндістан қара құрдымды зерттеу үшін ғарышқа спутник ұшырды

Үндістанның ғарыштық зерттеулер ұйымы XPoSat спутнигін орбитаға шығарған PSLV-C58 зымырантасығышын ғарышқа сәтті ұшырды. Kazinform агенттігі бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

ғарыш спутник
Фото: isro.gov.in

Ұйымның сайтында хабарланғандай, зымыран Сатиш Дхаван атындағы Ғарыш орталығы орналасқан Бенгал шығанағындағы Шрихарикота аралындағы ғарыш айлағынан ұшырылды.

XPoSat спутнигінің міндеті — қара құрдымды зерттеу.

Ведомствоның мәліметінше, бұл құрылғы — аспан көздерінен рентгендік сәулеленуді ғарыштық өлшеу саласында зерттеу жүргізуге арналған алғашқы мамандандырылған ғылыми аппарат.

Спутник екі пайдалы жүкті тасымалдайды: POLIX (астрономиялық бақылау жүргізу үшін рентгендік поляриметр) және XSPECT (рентген спектроскопия және хронометрлеу).

Үндістан ғарыш агенттігінің атап өтуінше, XPoSAT ұшырудың арқасында Үндістан АҚШ-тан кейін қара құрдым мен нейтрон жұлдыздарын зерттейтін станциясы бар екінші ел болды.

Зымырантасығышқа орнатылған жабдық тағы 10 ғылыми тәжірибе жасауға мүмкіндік береді.