Үндістан салмағы 2 тоннадан асатын навигациялық жерсерікті орбитаға шығарды
АСТАНА. KAZINFORM — Үндістанның ғарыштық зерттеулер ұйымы (ISRO) салмағы 2 тоннадан асатын жаңа буын NVS-03 навигациялық жерсерігін орбитаға сәтті шығарды. Бұл туралы ISRO басшысы Ваннияперумалы Нараянан мәлімдемеген, деп хабарлайды БелТА.
— GSLV-F18 зымыран тасығышы NVS-03 навигациялық жерсерігін белгіленген эллипстік орбитаға жоғары дәлдікпен сәтті жеткізді, — деді Ваннияперумалы Нараянан.
ISRO басшысының айтуынша, жерсеріктің сәтті ұшырылуының арқасында Үндістанның NavIC аймақтық навигациялық жүйесі толыққанды жұмыс істеуге қажетті жерсерік санымен қамтамасыз етілді.
— NavIC — Үндістандағы жерді анықтау, навигация және уақытты дәл есептеу қызметтерін тәуелсіз пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық ұлттық ресурс, — деп атап өтті Нараянан.
ISRO мәліметінше, NavIC навигациялық жүйесі Үндістан аумағында және ел шекарасынан тыс 1,5 мың шақырымға дейінгі аймақта орналасқан жерді анықтау, навигация және уақытты есептеу қызметтерін ұсынуға арналған.
Бұл жүйе — америкалық GPS навигациялық жүйесінің Үндістандағы баламасы.
Айта кетейік, Қазақстан 2029 жылы «KazSat-3» спутнигін алмастыратын жерсерікті ғарышқа ұшырады.