Үндістан Жер орбитасына экипажы бар ғарыш кемесін ұшырмақшы
АСТАНА. KAZINFORM - Үндістанның ғарышты зерттеу ұйымы (ISRO) 20025 жылы Жер орбитасына бортында экипажы бар алғашқы кемесін ұшыруды жоспарлап отыр. Ал, 2035 жылы елдің өз орбиталық станциясы болмақ. Бұл туралы Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Hindu газеті ISRO басшысы Шридхар Паникер Сомнатхтың оған Adi Sankara Trust қоры ілкі зерттеулерді ілгерілеткені үшін арнайы сыйлық табыстауы кезінде айтқан мына сөзін келтіреді: «Гаганьян» — ғарышқа басқарылатын ұшудың елдегі алғашқы бағдарламасы. Ол 2025 жылдың соңына қарай жүзеге асады. Ал 2035 жылға қарай еліміздің өз ғарыш станциясы болады. ISRO қазіргі кезде Айдан топырақ үлгілерін алу үшін «Чандраян-4» автоматтық станциясын жасау жұмыстарымен айналысып жатыр».
Бұл күні бүгін пайда болған бастама емес. 2018 жылы елдің премьер-министрі Нарендра Моди ресми түрде Үндістан 2022 жылдың тамызында, Британия бодандығынан азаттық алудың 75 жылдығына орай, алғашқы ұлттық экипажын ғарышқа аттандыратынын мәлімдеген болатын.
Бағдарлама атауы — «Гаганьян» «аспан кемесі» деген мағына береді. Бұл бастама коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылы наурызда тоқтатылған болатын. 4 үндістандық ғарышкер Ресейде арнайы дайындықтан өтіп те үлгерген.