Үндістанда әскерилер наразылық білдірген фермерлерге көзден жас ағызатын газ атты
АСТАНА. KAZINFORM – Нью-Делиге қарай бет алған наразы үнділік фермерлер қауіпсіздік күштерімен екінші күннен бері қақтығысып жатыр, деп хабарлайды Reuters.
Сейсенбі күні таңертең фермерлер кәсіподақ жетекшілері мен үкімет арасындағы бірқатар ауылшаруашылық дақылдарының ең төменгі бағасы туралы шешімге келе алмаған келіссөздерден кейін фермерлер наразылық шеруін бастады.
Қауіпсіздік күштері шерушілерді Пенджаб пен Харьянаны бөліп тұрған Шамбу шекарасында тоқтатты.
Харьяна полициясы өкілінің хабарлауынша, бүгінде көзден жас ағызатын газ қолданылып, бұл шара жағдай бақылауға алынғанша жалғасады.
«Біз премьер-министрдің фермерлермен байланысқа шығып, сөйлескенін қалаймыз», - деді үнділік ANI ақпарат агенттігіне Punjab Kisan Mazdoor Sangharsh комитетінің Бас хатшысы Сарван Сингх Пандер.
Осы арада үкімет фермерлерге келіп, мәселені талқылауды сұрады.
«Біз фермерлер кәсіподақтарымен сындарлы және оң диалог құру үшін күш салуды жалғастырамыз», - деді сәрсенбі күні елдің Ауыл шаруашылығы министрі Арджун Мунда тілшілерге.
ANI түсірген фотосуреттерінен Нью-Делимен шектесетін басқа аймақтарда баррикадалар, сым тормен қапталған цемент блоктары, бос контейнерлер және басқа да кедергілер сияқты қатаң қауіпсіздік шараларын көруге болады.
Бұған дейін хабарланғандай, Үндістан полициясы 2021 жылы уәде етілген өнім бағасын көтеруді талап етіп, Нью-Делиге жетуді жоспарлаған фермерлердің қозғалысын тоқтату үшін жолдарды жауып тастады.