Үндістанда депутаттыққа кандидат кедейлерге ішімдік таратуға уәде берді

Үндістан
Фото: telugu.samayam.com/freepik.com / Kazinform

ҮНДІСТАН. KAZINFORM – Үндістанның Чимур ауылынан депутаттыққа тәуелсіз кандидат ретінде тіркелген Ванита Рауттың халыққа жасаған үндеуі көпшілікті елең еткізді. Ол сайлауда жеңіске жетсе, табысы төмен адамдарға жеңілдікпен виски мен сыра үлестіруге уәде берді. 

Раут кедейлерге жұмыс ауыр тиетінін, оларды ішімдік жұбататынын алға тартып отыр. Оның айтуынша, кедей адамдар жалақының аздығынан сапалы виски мен сыра ала алмай, ауылдағы алкогольді сусындармен ғана шектеледі. Бұл ретте, үміткер кедейлердің импорттық сусынның дәмін татқанын қалайды. 

Ол бұл уәдесі арқылы өзіне назар аудартқысы келді ме, әлде көп дауыс жинағысы келді ме? Бұл жағы белгісіз. Бір анығы, тұрғындардың көбіне кандидаттың сөзі майдай жаққан. Олар импорттық сусынның дәмін татуға асығып отырған көрінеді. 

Соңғы жаңалықтар