Үндістанда кадр тапшылығынан 85 әуе рейсі тоқтады

АСТАНА. KAZINFORM – Үндістанның бюджеттік Air India Express әуе компаниясы қызметкерлердің жетіспеушілігі салдарынан екінші күн қатарынан көптеген рейстерді тоқтатуға мәжбүр. Ұшу кестесінің бұзылуы туралы ақпаратты тасымалдаушының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі 2025 жылы ашылуы мүмкін
Фото: pixabay.com

«Бүгін 283 рейсті орындаймыз. Біз барлық ресурстарды жұмылдырдық. Air India 20 маршрут бойынша рейсті жүзеге асырып, бізге қолдау көрсетеді. Десе де, 85 рейс тоқтатылды. Біз жолаушылардан әуежайға барар алдында рейстің ұшу-ұшпау жөніндегі ақпаратты анықтап алуын сұраймыз», делінген кеше түнде тараған хабарламада.

Рейс үш сағаттан артық кешіктірілген жағдайда әуе компаниясы шығындардың толық өтелуіне немесе рейсті қосымша төлемсіз кейінгі күнге ауыстыруға кепілдік бермек.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, өткен сәрсенбіде әуе компаниясы көптеген қызметкерді жұмыстан шығарған. Атап айтсақ, 25 аға стюардесса себепсіз жұмыстан жалтарғаны үшін босатылған. Сәйкесінше, кадрлармен толықтай қамтылмаған ұшақтар әуеге көтерілмеген.